kzruen

Бекмагамбетов Далабай Оринбасарович

Колледж басшысы

Байланыс

+7(72934)7-58-73

Жаңаөзен қ., Көктем ш.а., 9А

QRcode
kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі

Психологиялық қызмет

Психологиялық қызмет

Психология-адам жанын зерттейтін ғылым. Бала алғаш мектепке келген кезде ересектермен, басқа балалармен танысады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игереді. Мұғалімдер мен психологтардың балалармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауындағы басты мақсаты – баланы өзі туралы айтуға, өзінің сезімі, ойы, әдеті туралы әңгімелесуге, оны ой елегінен өткізіп баға бере білуге, тек өзіне ғана емес, жанындағы адамдарға да көңіл аударып, оларды өзіндік табиғи болмысымен қабылдап, ізгі ниет ықылас таныта білуге, эмоционалдық көңіл-күй мен мінез-құлықты ұғына білуге үйретуден басталады. Педагог және психолог маманы ретінде, білім беру саласын басқаратын барлық деңгейдегі органдардың шешімін басшылыққа ала отыра, психологиялық қызметтің жүйелі, нәтижелі болуына үлес қосу өте маңызды деп есептеймін.

Мақсаты: білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік – психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісінде қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Қыркүйек және мамыр айлары аралығында мына бағыттар бойынша жұмыстар атқарылды:

Ø Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық ұжыммен  жүргізілетін психологиялық жұмыстар;

Ø Ата-аналармен психологиялық ақпараттандыру, кеңес беру бағыттарында жүргізілетін жұмыстар;

Ø Білім беру ұйымдарындағы жасөспірімдердің суицидиялды мінез құлқының алдын-алу бағытында жүргізілетін психологиялық жұмыстар;

Ø Оқушылармен,ата-аналар арасында діни экстремизм, терроризм туралы түсінік жұмыстарын жүргізу арқылы ой-өрістерін дамыту, ақпараттандыру бағытындағы психологиялық жұмыстар;

Ø Ерекше көңіл аударатын оқушылармен психологиялық бағытта жүргізілетін жұмыстар;

Ø Оқушыларға «Мамандық таңдау, кәсіби бағдар беру» бағытындағы жүргізілетін психологиялық жұмыстар;

Ø Дарынды және қабілетті оқушылармен психологиялық бағытта жүргізілетін жұмыстар;

Ø Даму мүмкіндігі шектеулі (психикалық дамуы тежелген сыныпта оқитын,

 инклюзивті біліммен қамтылған) оқушылармен жүргізілетін психологиялық жұмыстар;

Ø Құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында жүргізілетін психологиялық жұмыстар;

Ø Білім беру ұйымдарындағы бастауыш сынып оқушыларына жүргізілетін психологиялық жұмыстар. 





2 мамыр 2025

“Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын!” 2.”Буллинг және Киберббулингтің алдын алу” тақырыптарында сұрақ алмасу,

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі 1.“Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын!” 2.”Буллинг және Киберббулингтің алдын алу”...

2 мамыр 2025

“Мәдениетті қарым-қатынас” атты тақырыбында Студенттермен психологиялық тренингтер

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінде “Мәдениетті қарым-қатынас” атты тақырыбында Студенттермен психологиялық тренингтер...

24 сәуір 2025

Бочча спортынан Маңғыстау облысының ашық чемпионатынан

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжісінің 4АЖ-21Б тобының студенті Амангелді Айдана Азаматқызы Бочча спортынан Маңғыстау...

25 қаңтар 2023

Психологиялық қызмет

Психология-адам жанын зерттейтін ғылым. Бала алғаш мектепке келген кезде ересектермен, басқа балалармен танысады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игереді....


Маңғыстау индустриалды колледжі бейнероликтері


Құрметті сайтқа келушілер, Маңғыстау политехникалык колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер колледждің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағытымен , оқу -тәрбие жұмыстарымен олардың нәтижелерімен таныс бола аласыздар. Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.Қазіргі талаптарға сай кәсіби мамандарды дайындау үшін колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледждің міндеті –кәсіби, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ дайындау.


Бекмагамбетов Далабай Оринбасарович

Колледж басшысы

© 2025. Маңғыстау облысы білім басқармасының Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі