kzruen

Бекмагамбетов Далабай Оринбасарович

Колледж басшысы

Байланыс

+7(72934)7-58-73

Жаңаөзен қ., Көктем ш.а., 9А

QRcode
kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі

WORLDSKILLS

WorldSkills Aqtau 2025: Өңірлік чемпионаттың екінші күні

WorldSkills Aqtau 2025: Өңірлік чемпионаттың екінші күні Бүгін WorldSkills Aqtau 2025 чемпионаты аясында «Бизнеске арналған IT-шешімдер» құзыреттілігі бойынша тартысты сайыс өтуде! Бұл бағытта студенттер кәсіпкерлікке қажет IT-жобаларды әзірлеу, бағдарламалау, деректерді талдау және автоматтандыру бойынша өз шеберліктерін көрсетіп жатыр. Цифрлық технологиялар – болашақтың кілті! Қатысушылар бизнес-процестерді оңтайландыруға арналған бағдарламалық өнімдер жасап, өздерінің инновациялық идеяларын ұсынуда. Бұл құзыреттілікке Маңғыстау облысының 5 колледжінен үздік студенттер қатысуда: Каспий өңірі «Болашақ» колледжі Бейнеу политехникалық колледжі Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі Жаңаөзен политехникалық колледжі Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі Бұл сайыс тек дағдыларды сынау ғана емес, сонымен қатар болашақ IT-мамандардың өз мүмкіндіктерін көрсету алаңы. Жарыс өте қызықты өтуде, ең мықтылар жеңіске жететіні сөзсіз! Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Әрбір идея – үлкен жетістіктерге бастар жол! Ал ұйымдастырушылар мен тәлімгерлерге ерекше алғысымызды білдіреміз!