kzruen

Бекмагамбетов Далабай Оринбасарович

Колледж басшысы

Байланыс

+7(72934)7-58-73

Жаңаөзен қ., Көктем ш.а., 9А

QRcode
kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі

WORLDSKILLS

«Қазақстан Республикасының колледж студенттерінің ТОП-100»

«Қазақстан Республикасының колледж студенттерінің ТОП-100» республикалық байқауы өз мәресіне жетті!

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы байқау 3 кезеңнен өтіп, бүкіл елді қамтыды.

Негізгі мақсат — дарынды жастарды қолдау, кәсіби дағдыларын дамыту және жеке тұлғалық өсуге ынталандыру.

Ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігі және жергілікті атқарушы органдар

Оператор: «Talap» КЕАҚ

Әріптес-ұйымдастырушылар: қалалар мен облыстардың білім басқармалары.

Байқау кезеңдері:

1. Ішкі кезең — 512 колледжде өтті, 2 604 студент қатысты

2. Өңірлік кезең — әр өңірден 10 жеңімпаз анықталып, барлығы 200 студент республикалық кезеңге өтті

3. Республикалық кезең — онлайн-форматта өтті, 44 сарапшыдан құралған қазылар алқасы еліміздің ТОП-100 үздік студентін таңдады.

Әр жұмыс 100 балдық жүйе бойынша бағаланды, әр студенттің жұмысын 3 тәуелсіз сарапшы жеке қарады. Қорытынды балл «TOP 100 STUDENTS» платформасында автоматты түрде есептелді.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2025 жылғы 30 сәуірде өтеді.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз — сіздер ел мақтанышысыздар!