kzruen

Бекмагамбетов Далабай Оринбасарович

Колледж басшысы

Байланыс

+7(72934)7-58-73

Жаңаөзен қ., Көктем ш.а., 9А

QRcode
kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі

WORLDSKILLS

WorldSkills Aqtau 2025: Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

WorldSkills Aqtau 2025: Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

Бүгін Ақтау қаласындағы Оқушылар сарайында WorldSkills Aqtau 2025 облыстық чемпионатының жабылу салтанаты өтті! Бұл – талантты жастардың өз шеберлігін көрсететін маңызды алаң. Біздің колледждің қатысушылары ерекше өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!

Алтын медаль иегерлері:

Аманджол Жасулан – “Өнеркәсіптік автоматика”

Өтелген Мейіржан, Абилкаир Олжас – “Өнеркәсіптік робототехника”

Күміс медаль иегері:

Боранбаев Алпамыс – “Электромонтаждық жұмыстар”

Қола медаль иегері:

Акмамед Жанель – “Кәсіпкерлік”

“Үздік маман” медальоны иегерлері:

Жарылқапберген Мейірбек – “Жеңіл автокөлікке қызмет көрсету және жөндеу”

Абыллаев Есбол, Ашырбай Данияр – “Өнеркәсіптік робототехника”

Біздің студенттеріміз – мақтанышымыз!

Олардың еңбектері, білімдері мен талпыныстары бүгінгі жеңістің басты кілті болды. Әрқайсысыңыз колледжіміздің беделін көтеріп, өз салаларыңыздың үздік маманы екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Алдағы уақытта республикалық және халықаралық деңгейде биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!

Құттықтаймыз!!