kzruen

Бекмагамбетов Далабай Оринбасарович

Колледж басшысы

Байланыс

+7(72934)7-58-73

Жаңаөзен қ., Көктем ш.а., 9А

QRcode
kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі

WORLDSKILLS

WorldSkills Aqtau 2025 – IT-ШЕШІМДЕР БИЗНЕС ҮШІН: ЧЕМПИОНАТТЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ!

WorldSkills Aqtau 2025 – IT-ШЕШІМДЕР БИЗНЕС ҮШІН: ЧЕМПИОНАТТЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ!

Бизнеске арналған IT-шешімдер” құзыреттілігі бойынша WorldSkills Aqtau 2025 чемпионатының екінші күні аяқталды! Қатысушылар цифрлық технологияларды қолданып, бизнес үшін тиімді IT-шешімдерді әзірлеу дағдыларын көрсетті. Қазіргі уақытта қазылар алқасы олардың жұмыстарын бағалауда.

Чемпионат барысында орындалған негізгі модульдер:

A – Бизнес-процестерді талдау және автоматтандыру – деректерді жинау, жүйенің болашақ ДҚ талдау жасап оны құру, бизнес-процестерді оңтайландыру стратегияларын әзірлеу.

B – Бағдарламалық жасақтама әзірлеу және интеграциялау – бағдарламалау тілінде бағдарламалық жасақтаманы жобалау, деректер қоры және API жүйелерін бағдарламалық жасақтамамен біріктіру, пайдаланушы интерфейстерін жобалау.

C – мобильді қосымшаларды әзірлеу және интеграциялау – API жүйелерін біріктіру.

D – қатысушылар бағдарламалық жасақтаманы тестілеуден өткізеді, тестілік сценарийлер мен құжаттамалар жасайды, жүйенің тұрақтылығын, пайдаланушыға ыңғайлылығын және басқа әзірлеушілер үшін оңай қолжетімді болуын қамтамасыз ету, бизнес үшін сенімді IT-шешімдер ұсыну қажет.

Қатысушылар IT саласындағы кәсіби шеберліктерін дәлелдеді! Енді үздік мамандар анықталып, чемпионат жеңімпаздары марапатталады. Барлық қатысушыларға сәттілік!