kzruen

Бекмагамбетов Далабай Оринбасарович

Колледж басшысы

Байланыс

+7(72934)7-58-73

Жаңаөзен қ., Көктем ш.а., 9А

QRcode
kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі

WORLDSKILLS

WorldSkills Aktau-2025 өңірлік чемпионаты басталды!

WorldSkills Aktau-2025 өңірлік чемпионаты басталды!

31 наурыз 2025 жыл

“Оқушылар сарайы”

Бүгін Маңғыстау өңірінің ең үздік жас мамандары бас қосқан күн! WorldSkills Aktau-2025 X өңірлік чемпионаты өз бастауын алды!

Чемпионаттың басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру, жастардың кәсіби шеберлігін шыңдау.

Ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрлігі, “Talap” КЕАҚ өкілдері, аймақтық басқарма басшылары, колледж студенттері, мектеп оқушылары, педагогтер мен ата-аналар қатысты.

4 күндік чемпионатта қатысушылар өз білімдері мен дағдыларын көрсетеді!

16 арнайы алаң, 46 құзыреттілік, 245 студент, 300-ден астам сарапшы – бұл чемпионаттың ауқымын көрсетеді! Соның ішінде “Өнеркәсіптік атвоматика”, “Электромонтаждық жұмыстар”, “Бизнеске арналған ІТ шешімдер” құзыреттіліктері О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі базасында өтеді.

Ендеше, ең мықтылар анықталатын сәт келді!

Біздің колледжден: Кәсіпкерлік құзыреттілігінен - Акмамед Жанель, Өнеркәсіптік автоматикадан - Аманджол Жасулан, Жеңіл автокөлікке қызмет көрсету құзыреттілігінен - Жарылқапберген Мейірбек, Электромонтаждық жұмыстар құзыреттілігінен - Боранбаев Алпамыс қатысқалы отыр.

Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!