kzruen

Бекмагамбетов Далабай Оринбасарович

Колледж басшысы

Байланыс

+7(72934)7-58-73

Жаңаөзен қ., Көктем ш.а., 9А

QRcode
kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі

WORLDSKILLS

WorldSkills Aqtau 2025: Өңірлік чемпионаттың екінші күні

WorldSkills Aqtau 2025: Өңірлік чемпионаттың екінші күні Бүгін WorldSkills Aqtau 2025 чемпионатының аясында «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша бәсеке қыза түсуде! Қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, нақты жұмыс жағдайларында кәсіби дағдыларын сынға салуда. Электромонтаждық жұмыстар – бұл жоғары дәлдікті талап ететін маңызды сала. Студенттер сымдарды орнату, электр жабдықтарын қосу, сұлбаларды оқу және ақауларды жою секілді күрделі тапсырмаларды орындауда. Бұл құзыреттілікке Маңғыстау облысының 6 колледжінен үздік студенттер қатысып жатыр: Бейнеу политехникалық колледжі ЖШС “Жаңаөзен политехникалық колледжі” Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі «Есенов» ЖШС колледжі Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз! Әр тапсырма – жаңа мүмкіндік, ал әрбір дұрыс орындалған жұмыс – болашақтағы үлкен жетістіктердің кепілі! Барлық студенттерге, жаттықтырушылар мен ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!