kzruen

Бекмагамбетов Далабай Оринбасарович

Колледж басшысы

Байланыс

+7(72934)7-58-73

Жаңаөзен қ., Көктем ш.а., 9А

QRcode
kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі

WORLDSKILLS

Жұмысшы мамандықтар жылы

     Жұмысшы мамандықтар жылы аясында маңызды кездесу өтті!Бүгін Маңыстау индустриалды техникалық колледжінде ерекше кездесу өтті. “Бейбарыс ЛТД” ЖШС-нің жүк көліктерін жөндеу кәсіпорнының басшысы Тагатаров Асқар Қаржабайұлы біздің “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану” мамандығының студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында: Білікті маман өндірістік тәжірибесімен бөлісті Жас мамандарға кәсіби кеңестер берді Қазіргі автожөндеу саласындағы сұраныс пен мүмкіндіктер туралы айтты Кәсіпорын басшысы біздің жеңіл автокөліктерді жөндеу шеберханаларымызды аралап, жоғары бағасын берді. Бұл – колледжіміздің сапалы білім мен заманауи тәжірибеге ерекше көңіл бөлетінінің айқын дәлелі! Асқар Қаржабайұлының ақ тілегі:“Сіздер – еліміздің болашақ автослесарьларысыздар! Білікті, сұранысқа ие, өз ісінің шебері болатын мамандар қатарына қосылыңыздар! Еңбекқор болыңыздар, кәсіби дағдыларыңызды жетілдіріңіздер!” Болашақ өз қолыңда! Сен де мықты маман болғың келсе – бізге қосыл!